9 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
9 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбіде Ақтөбеде, Алматыда, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!