Қазақтан шыққан тұңғыш инженер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Кеше, 23 мамырда Өскемендегі Пушкин кітапханасында қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, тарихшы- ғалым, этнограф, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженерінің шығармашылығына арналған "Қазақтан шыққан тұңғыш инженер - Мұхамеджан Тынышбаев" атты ғұмырнамалық кеш өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 23 мамырда Өскемендегі Пушкин кітапханасында қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, тарихшы- ғалым, этнограф, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженерінің шығармашылығына арналған "Қазақтан шыққан тұңғыш инженер - Мұхамеджан Тынышбаев" атты ғұмырнамалық кеш өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқосуда "Үлкен террор" құрбаны болған әмбебап ғалым, халқымыздың біртуар перзентінің талайлы тағдыры туралы тамаша естеліктер айтылып, алаш арысының артында қалған мұрасы кеңінен насихатталды. Қонақтар Мұхаметжан Тынышбаев мұрасын насихаттауда ұрпақтарының сіңірген еңбегі туралы бейнефильмдер тамашалады.

"Мен Мұхамеджан Тынышбаевтың жерлесімін. Шеше жағынан рулас болып келеміз. 27 жастағы қазақ жігіті думаға өткен кезде, ол кісіге деген құрметім арта түскен еді. 1956 жылдары мектепте оқып жүрген кезде осы М. Тынышбаев, І. Жансүгіровтерді халық жаулары деген хабарларды естіп таң қалатынмын. Өзім оқу бітіргеннен кейін түрлі жұмыстарда істедім. Өскеменге келгенде көзіме бірден түскені - барлығы орыс тілінде, көшенің аттары бәрі орысша, кішкене болсада жанды қинаған жағдай болды. Осы жаңғыруға байланысты Защитадағы екі көшенің атын өзгертуге инициатор болдым. Бірі Лениногорск көшесі - Теміржолшылар , екіншісі - Октябрьский М. Тынышбаев атындағы көше болып өзгертілді. Алғашқы қазақ инженері, теміржолшы осы салаға еңбегі сінген адам. Ол кісіге бермегенде кімге береміз", - дейді аймақтық теміржолшылар ардагерлер кеңесінің төрағасы Исабаев Төлеген.

Сондай-ақ, "Алаш арысы Мұхаметжан Тынышбаев" атты көрмеде қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro