Қазақтанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақтанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 7, 8 және 9 қаңтарға ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 7, 8 және 9 қаңтарға ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын ылғал қоры мол оңтүстік-каспийлік циклон анықтайды. Осыған байланысты елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар, боран, кей жерлерде қатты қар жауады деп күтіледі. Ал республиканың оңтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанған.

8 қаңтарда батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массаларының енуі күтіледі, бұл температураның күрт төмендеуіне әкеледі: республиканың солтүстік бөлігінде түнде 15-25 градусқа дейін, оңтүстігінде 5-15 градусқа дейін, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында 20-25 градусқа дейін аяз болады.

"9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайтадан жоғарылайды: республиканың солтүстік бөлігінде 0-5 градус аяз, оңтүстігінде 0-5 градус жылы болады", – деп хабарлады синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети