Қазақтандық шенеунік пен депутаттар “пәтер“ алаяқтығын ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақтандық шенеунік пен депутаттар “пәтер“ алаяқтығын ұйымдастырған Фото:depositphotos.com

Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отыр.

Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді", - делінген хабарламада.

Тергеу аясында күдіктілердің 640 миллион теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды. Бұдан басқа, тергеу шеңберінде 359 миллион теңге сомасында материалдық залал өз еркімен ішінара өтелген.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияландайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети