11 қараша 2020 17:43

Қазақтарға қатысты тарихи әділдік орнады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің арқасында қазақтар, қазақ тілі мен мәдениеті үшін тарихи әділдік салтанат құрғанын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің арқасында қазақтар, қазақ тілі мен мәдениеті үшін тарихи әділдік салтанат құрғанын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз әр бала мектептен кейін мемлекеттік тілде оқып, жазып және сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл оларға мемлекеттік қызметтің, экономиканың барлық саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Елдегі этносаралық қатынастардың жағдайы үшін қазақ халқының тарихи ролі мен жауапкершілігі артып келе жатыр. Қазақ тілі мен мәдениетінің таралу аймағын тарылтып келген заманнан кейін қазақтарға қатысты әділдік тәуелсіздік арқасында орнады. Біз бұл туралы жиі айтамыз және бұл қандай да бір мантра болғаны үшін ғана қайталай бермейміз.

Меніңше, бұл қоғамды біріктірудің негізі. Қазақстан - өзінің құндылығы мен болашақтағы дамуда өзінің бағыты бар мемлекет", - деді Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев көпұлттылық, көпконфессиялық және көпэтностылық Қазақстанның басымдығы екенін атап өтті.

"Біз қазақ халқы - мемлекет қалыптастырушы субъект деп толығымен айта аламыз. Өзімізді және ұлттық құндылығымызды құрметтей отырып, әрқайсымыз еліміздің дамуына үлес қосып жатқан басқа да отандастарымызды сыйлауымыз керегі сөзсіз. Бәріміз бірігіп Қазақстанның болашақтағы және оның барлық азаматының мықты әрі түсінікті образын қалыптастыра аламыз", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 

Назарбаев жастар арасында ксенофобиямен күресуге шақырды

Бұған дейін Елбасы қазақстандықтардың үштен екісі қазақ тілін білетінін мәлімдеген болатын. 1991 жылы мемлекеттік тілді халықтың 37 пайызы ғана білсе, бүгінде жағдай мүлде басқаша: мемлекеттік тілді халықтың үштен екі бөлігі біледі. 
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети