"Қазақтелеком" атынан сайт ашқандар қазақстандықтарды алдап жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

"Қазақтелеком" атынан сайт ашқандар қазақстандықтарды алдап жүр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақтелеком" атынан сайт ашқандар қазақстандықтарды алдап жүр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ақпарат бойынша, Қазақстанда "Қазақтелеком" АҚ атынан әрекет ететін жаңа фишингтік сайт ашылған. Онда пайдаланушыларға елді мекендері, тұрғындары 200 гигабайт тегін интернет-трафик берілетін қалалар тізімінде бар-жоғын "тексеру" ұсынылады. Осыдан кейін оларға бонус алу үшін телефон номерлерін енгізу керегі жазылады.

Шын мәнінде, бұл фишингтік сайт. "Қазақтелеком" АҚ ресми порталында мұндай акциялар туралы ешқандай мәлімет жоқ.

"Бұл сілтеме жалған, қазіргі уақытта компанияның қауіпсіздік қызметі және өзге құрылымдық бөлімшелер барлық тиісті шара қабылдап, порталды тексеріп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін клиенттерімізден кешірім сұраймыз және біздің компанияның ресми ақпараты тек telecom.kz порталында ғана жарияланатынын еске саламыз", - деп хабарлады компанияның PR қызметіндегілер.

Екіншіден, сайттың жалған екендігін оның қарапайым дизайнынан, сервермен қорғалған интернет байланысының жоқтығынан және ағылшын тілді пайдаланушылар қалдырған оң пікірлерден байқауға болады. Есесіне, "Қазақтелеком" тек Қазақстан аумағында ғана провайдер болып табылады.

Фишингтік сайттар - бұл алаяқтарға пайдаланушылардың жеке деректерін, оның ішінде төлем карталары және банктік шоттары туралы ақпаратты ұрлауға мүмкіндік беретін интернет-платформалар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro