“Қазақтың Робин Гуды“ деп танылған блогерге қатысты іс: тың дерек шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қазақтың Робин Гуды“ деп танылған блогерге қатысты іс: тың дерек шықты Фото: instagram.com/qazaq_robin_hood/

Алматының Алмалы аудандық сотында әлеуметтік желілерде "қазақтың Робин Гуды" деген атпен танымал "Елге көмек" қорының басшысы Ілияс Сариевтің ісі бойынша сот өтіп жатыр. Ол бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Алмалы аудандық сотында әлеуметтік желілерде "қазақтың Робин Гуды" деген атпен танымал "Елге көмек" қорының басшысы Ілияс Сариевтің ісі бойынша сот өтіп жатыр. Ол бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қазанда сотта жәбірленуші Тоғжан Дүйсенбаева сөз сөйледі. Ол Ілияс Сариевті әлеуметтік желілерде ұзақ уақыттан бері бақылап жүргенін және былтыр жазда оны дәмханада кездейсоқ кездестіргенін айтты.

"Оған барып, күйеуіммен ажырасып, баспанасыз үш баламен қалғанымды айттым. Өмір бойы интернатта тұрдым, қолдаушым жоқ. Оның адамдарға көмектесетінін білетінімді айттым және қолдау сұрадым. Ол маған көмектесуге уәде беріп, бірден 200 мың теңге табыстады", - деді Дүйсенбаева.

Біраз уақыттан кейін Ілияс Сариев әйелмен байланысқа шыққан. Тоғжан Дүйсенбаеваның айтуынша, ол ауыр науқас екенін, Түркияда емделетінін жеткізген.

"Сариев менен несие рәсімдеуді сұрады. Ол ай сайынғы төлемге ақша жіберетінін айтты. Ал ем алғаннан кейін маған баспанамен көмектесуге уәде берді. Мен сендім. Банкке барып, 8 миллион сұрадық, бірақ банкте тек 6 миллион теңге мақұлданды. Осы ақшаны оған бердім", - деді жәбірленуші.

Оның айтуынша, көп ұзамай Ілияс Сариев байланысқа шықпай қалған, төлемдерден жалтарған. 2025 жылғы сәуірден бастап ол тергеуге алынып, осыдан кейін несие бойынша төлем мүлдем тоқтап қалған.

"Одан несиесін төлеуін өтіндім. Ол маған балағаттап жауап берді. Ақыр аяғында несие 7,5 миллион теңгеге дейін өсті. Осы несиенің кесірінен жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеуіме тыйым салынды, енді тіпті жұмыс істей алмаймын. Коллекторлар қоңырау шалып, менде жоқ ақшаны талап етіп отыр. Ең қатаң жазаны талап етемін", - деді Дүйсенбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети