"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2020 жылдың қазанына арналған ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2020 жылдың қазанына арналған ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Консультативтік болжамға сәйкес 2020 жылдың қазан айында Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлеріне суық арктикалық ауа массаларының жиі келуі және Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан еліміздің оңтүстік-батысына жылудың шығарылуы күтіледі. Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батыс жартысында нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С төмен болады", - деп хабарлады синоптиктер.
Биыл қазанда жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және Алматы облысының шығысында нормадан көп болады деп болжанады.
"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -2+7°С, күндіз ауа біртіндеп +12+20°С дейін жылынады, оңтүстік жартысында және батыста - түнде +5+13°С, күндіз +17+25°С болады деп күтіледі. 5 қазаннан бастап Солтүстік циклонмен және арктикалық атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын түседі. Солтүстік жартысында жаңбырдың арты ылғалды қарға ауысуы мүмкін, тұман және желдің екпіні секундына 15-23 метр дейін күшеюі мүмкін. Жауын-шашынның тоқтауымен күзге тән суық түндер мен ашық желсіз күндер келеді. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірінші онкүндікте ауа температурасы:
батыста кезеңнің ортасында түнде 0,+5°С дейін, күндіз +12+17°С дейін;
солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста кезеңнің ортасында және соңында түнде -1-8°С дейін, күндіз 0,+7°С дейін;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста онкүндіктің соңында түнде 0,+5°С дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, күндіз +7+12°С дейін;
оңтүстік-батыста онкүндіктің ортасында түнде +5+12°С дейін, күндіз +15+20°С дейін төмендеуі күтіледі.
Бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы алдымен Қазақстанның батысында, содан кейін республиканың қалған аумағында көтеріледі",- деп атап өтті Қазгидромет өкілдері.
Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр - негізінен оңтүстік және батыс өңірлерде, жауын-шашын (жаңбырдың арты ылғалды қарға ауысады) - солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында болжанады.
Жылу толқындармен жекелеген күндері ҚР оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында күндіз ауа температурасы +15+25°С дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста +10+20°С дейін жылынуы мүмкін.
Суық толқындармен ауа температурасы:
ҚР солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде -1-10°С дейін, күндіз 0,+5°С дейін;
еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс жартысында түнде -5+5°С дейін, күндіз +2+10°С дейін төмендеуі мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!