2022 жылғы қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде суық, ал үшінші онкүндіктің басында жылы болған. Бірақ жауын-шашын рекорд көрсеткіште жауған. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2022 жылғы қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде суық, ал үшінші онкүндіктің басында жылы болған. Бірақ жауын-шашын рекорд көрсеткіште жауған. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айдың басында республика аумағында Жаңа Жер аудандарынан азиялық антициклон келгені байқалған. Түнде суық ауа массаларының енуі нәтижесінде ауа температурасы -8...-12 градусқа дейін төмендеген. Бұл Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде де байқалған.
"Температура рекорд көрсеткіште мына метеорологиялық станцияларда белгіленген: 1 қазанда "Көкшетау" МС-де термометр бағаны түнде -9,2 градусқа дейін төмендеген, ал 1981 жылы түнде ауа температурасы -4,0 градусқа дейін көрсеткен, "Ақтоғай" МС-де (Қарағанды облысы) түнде 12,2 градус тіркелген, осылайша, 2019 жылғы рекорд жаңартылған (-7,1 градус), "Риддер" МС-де (Шығыс Қазақстан облысы) ауаның ең төменгі температурасы -9,0 градусқа жеткен, ал бұл жерде ең төменгі ауа температурасы 1986 жылы (-8,7 градус) тіркелген, 3 қазанда "Рузаевка" МС (Солтүстік Қазақстан облысы) -8,0 градус болған, осылайша, 1976 жылғы рекорд (-4,0 градус) жаңартылды", - деді Қазгидромет өкілі.
Қазанның бірінші және екінші онкүндігінде елдің көп бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болған, алайда үшінші онкүндікте рекорд мөлшерде жауған. Бұл циклон өтуіне байланысты болған.
Ал Астанада ең төменгі ауа температурасы -6,3 градус ретінде 29 қазанда тіркелген, ал ең жоғары ауа температурасы + 22,1 градус ретінде 7 қазанда тіркелген. Қазанның орташа айлық ауа температурасы + 6,1 градус болған, бір айдағы норма +5,0 градус болған. Нормадан ауытқу +1,1 градус болған. Қазанда жауын-шашын мөлшерінің нормасы - 26 миллиметр, жауын-шашын мөлшері 17 миллиметр болған. Бұл көрсеткіш норманың 64 пайызы болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!