"Қазатомөнеркәсіп" басшысы қызметінен кетеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ғалымжан Пірматов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымжан Пірматов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, Ғалымжан Пірматов 2 қыркүйекте қызметінен кетеді. Басқарма төрағасы міндетін Мәжит Шәріпов атқарады.

"Мен ел басшылығына сенім білдіргені және компанияны тиімді басқаруға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін. "Қазатомөнеркәсіпті" компания үшін ғана емес, бүкіл әлемдік уран саласы үшін де осындай күрделі уақытта басқару - мен үшін үлкен мәртебе әрі артықшылық болды. Мен жұмыс істеу мәртебесіне ие болған "Қазатомөнеркәсіптің" бүкіл ұжымына алғыс айтамын. Осы төрт жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамын..." - деді Пірматов.

2015 жылдан бастап "Қазатомөнеркәсіпте" түрлі лауазымдарды атқарған және қазіргі уақытта ЯОЦ бойынша бас директор Мәжит Шәріпов мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 31 жылдан аса жұмыс істеген.

Ол 1972 жылы 24 сәуірде Түркістан облысында дүниеге келген. Новосибирск мемлекеттік университетін, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтын және Atkinson Graduate School of Management, Willamette University (MBA бағдарламасы бойынша) бітірген.

Әр жылдары "Алтын-Тас" БК, "AES КиевОблЭнерго", "AES Украина", "Халық Банкі" АҚ-та жұмыс істеген. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. 2009 жылдан 2011 жылға дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды.

Айта кетейік, Ғалымжан Пірматов 2017 жылдың тамызынан бері "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшысы болып қызмет атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro