01 сәуір 2014 | 20:49

"Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлерінің тұтқындалуына байланысты түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы өзінің қызметкерлері Валерий Шевелев пен Серік Әбдіразақовтың ұсталуына байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы өзінің қызметкерлері Валерий Шевелев пен Серік Әбдіразақовтың ұсталуына байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

"Валерий Шевелев қамауға алынған кезде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның альтернативті энергия көздерін дамыту басқармасының бастығы болған, ал Серік Әбдіразақов 2013 жылдың қазан айынан бастап "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылған" - делінген мәлімдемеде.

Одан кейін мәлімдемеде "2009 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқармасы құрылысы 2006 жылы басталған технологиялық күрделі әлеуметтік жобаны аяқтау таралы шешім қабылдағаны, 2009 жылы жобаның операторы болып "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС белгіленгені, 2011 жылдан бастап В.Шевелев аталған жобаға жауапты болып тағайындалғаны" - туралы да айтылған.

2010 жылы жобаны толығымен аяқтау үшін "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС бекітілген сметалық құнға сәйкес, "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша келісім жасаған.

Бұл мәлімдемеде жазылғандай, 2012 жылдың қазан айынан 2013 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС келісімдегі міндеттемелерін орындау мерзімдерін жүйелі түрде бұзып отырған.

"Осыған орай, 2013 жылдың шілде айында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның бастамасымен "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына) "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС қызметіне қолданыстағы заңға сәйкес тексеріс жүргізіп, мердігер кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қолдану туралы жазбаша арыз жазады", - деп мәлімдейді компания басқармасы.

2013 жылдың желтоқсан айында "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС-мен арадағы келісім бұзылып, келтірген шығын көлемін тергеу орындары анықтайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС тарапынан банк кепілдігімен қамтамасыз етілгендігі де атап өтілген. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тергеу шараларының әділ жүргізілуіне барынша септігін тигізеді", - деп түйінделген басқарма мәлімдемесі.

Бұған дейін ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) қызметкерлері "Сырдария - жоба Құрылыс" ЖШС-ның директоры Розмат Әлібековті құрықтады деп хабарланған болатын. Ол құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның мердігері – Әлібековтің фирмасына аударған 1,3 миллиард теңгеден артық қаржыны жымқырды деп айыпталуда.

Әрі Розмат Әлібековтің Ішкі істер министрлігінде "Әлібеков" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы ретінде арнайы тіркеуде тұрғанындығы да айтылған. Бұдан кейін қаржы полициясы аталған қылмысқа қатысы бар деген айыппен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарушы директоры Шевелев пен "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС директорының орынбасары Әбдіразақовтың да ұсталғандығын жариялаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети