20 қыркүйек 2014 | 13:03

"ҚазАвиаСпектр" әуе зауытының Татарстандағы серіктестері полицияға шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©prokazan.ru ©prokazan.ru

 Қарағандыдағы "ҚазАвиаСпектр" әуе зауытының Татарстандағы фирма серіктестіктері полиция қызметкерлеріне шағым түсірді. Айтуларынша, Қарағандыдағы әуе зауыты  Татарстанға тиесілі ұшақты заңсыз ұстап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.  


Иконка комментария блок соц сети

 Қарағандыдағы "ҚазАвиаСпектр" әуе зауытының Татарстандағы фирма серіктестіктері полиция қызметкерлеріне шағым түсірді. Айтуларынша, Қарағандыдағы әуе зауыты  Татарстанға тиесілі ұшақты заңсыз ұстап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.  

Қарағанды облысындағы Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне Татарстандағы ұшақ құрастыру кәсіпорынының өкілі хабарласқан. Ол "ҚазАвиоСпектр" ЖШС жауапқа тартуды өтініп, әуе зауыты өз аумағында татарстандық серіктестеріне тиесілі "МВЕН-2 Фермер" ұшағын заңсыз ұстап отырғанын айтқан. Татартандық кәсіпорын мұның нәтижесінде 2,68 миллион теңге шығын көргендерін де алға тартқан.

Ресей азаматтары өз шағым-арыздарында "ұшақ зауыт аумағында үшінші жыл қатарынан заңсыз тұр" дейді.


Қазір ұшақтың құрастыру залында тәжірибе үлгісінде пайдалану үшін тұрғаны мәлім болды.

 "Фирма МВЕН" - қарағандылық әуе зауытының серіктесі. Өткен жылдың наурыз айында "Фирма МВЕН" мен  "ҚазАвиаСпектр"арасында ауыл шаруашылығы ұшақтарын бірлесіп шығару жөнінде келісім жасалған.

"ҚазАвиаСпектр" ЖШС директоры Александр Ващенконың айтуынша, ұшақ зауыт аумағында заңсыз тұрған жоқ.  
"Біз заңды бұзбаймыз. Ұшақты үш жыл бойы ешқандай заңсыз ұстап отыру деген жоқ. Шағымданушылар үш жыл бойы қайда қараған? Бұл арыздың құқық қорғау органдарына неліктен жазылып отырғаны маған түсініксіз" деді Ващенко.


Еске салайық, бұған дейін "ҚазАвиаСпектр" әуе зауытының жауапты тұлғаларына қатысты кедендік төлемдерді төлеуде заңсыздыққа жол бергені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети