"ҚазАвтоЖол" 2 миллиард теңгелік мәміле үшін көпірді апатты деп жалған анықтама берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАвтоЖол" 2 миллиард теңгелік мәміле үшін көпірді апатты деп жалған анықтама берген Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысындағы "ҚазАвтоЖол" филиалы көпірді жөндеуге тендер өткізбей, 2,3 миллиардқа мәміле жасаған. Бір қызығы жөндеу жұмыстары шұғыл түрде талап етілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысындағы "ҚазАвтоЖол" филиалы көпірді жөндеуге тендер өткізбей, 2,3 миллиардқа мәміле жасаған. Бір қызығы жөндеу жұмыстары шұғыл түрде талап етілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау көлік прокуратурасы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты жағдайда екеніне байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Ақмола облыстық филиалы конкурс өткізбей, шарт жасағанын анықтады.

"Бұл мәміле бойынша 2,3 миллиард теңге сомасына "Жақсы-Есіл-Бузулук" Республикалық маңызы бар автожолына жаңа көпір салып, жөндеу жүргізу жоспарланған.

Бұл көпір шұғыл жөндеу жұмыстарын талап ететін жағдайда болмаған, оған қоса тендер өткізуге кедергі келтіретін технологиялық бұзушылықтың басқа да жағдайы болған жоқ", - делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, шарт шеңберінде мердігердің шотына 200 миллион теңге көлемінде аванс аударылған, алайда жөндеу жұмыстары басталмаған.

"Мердігер сот тәртібімен шағымданып, жағдайдың барлығы аудиторлардың 2022 жылы 13 желтоқсанда қорытындысымен расталды. Сот талқылауының нәтижесі бойынша 2023 жылы 30 мамырда сот ішкі аудит қорытындысын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сот актісі 2023 жылы 23 тамызда күшіне енді.

"Лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4-бөлігі бойынша "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету" бойынша соталды тергеу басталды", - деп мәлімдеді прокуратура.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети