"ҚазАвтоЖол" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАвтоЖол" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен кетті Ұлан Әліпов. Фото: gov.kz

Ұлан Әліпов жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлан Әліпов жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды", - деп жазды баспасөз хатшы Facebook-те.

Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясын 2019 жылдың ақпанынан бастап алдымен компания басшысының міндетін атқарушы, содан кейін басқарма төрағасы ретінде басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети