“ҚазАвтоЖол“ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“ҚазАвтоЖол“ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады Фото:depositphotos.com

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2025 жылғы 14 сәуірде республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана – Қарағанды (айналып өту) – Алматы" автомобиль жолының "Қарағанды – Теміртау" учаскесінің (Астана қаласы бағытында) 193–194 шақырым аралығында жол жамылғысындағы ақауларды жою мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

"Аталған учаскеде үш жолақты қозғалыс қарастырылған. Берілген рұқсатқа сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілу кезінде көлік қозғалысы бір жолақ арқылы кері бағытпен (реверсивті әдіспен) ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Жүргізушілердің назарына:

  • жол қозғалысы ережелеріне сәйкес белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз;
  • жолда аса мұқият болыңыз;
  • қауіпті маневрлерден және апатты жағдайлар туғызудан абай болыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети