05 қаңтар 2018 | 15:34

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ екі облыстық филиалдарына басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербол Омаров пен Жаңабай Қобыландин. © kazautozhol.kz Ербол Омаров пен Жаңабай Қобыландин. © kazautozhol.kz

2018 жылдың 3 қаңтарындағы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқару Төрағасының бұйрығы бойынша екі облыстық филиалдың директорлары тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

2018 жылдың 3 қаңтарындағы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқару Төрағасының бұйрығы бойынша екі облыстық филиалдың директорлары тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылдың 3 қаңтарындағы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқару Төрағасының бұйрығы бойынша ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облысы филиалының бастығы болып Жаңабай Қобыландин тағайындалды. 2013 жылдан 2017 жылға дейін бұл лауазымды отырған Бағлан Баймагамбетов зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты өз еркімен босатылды.

Б.Баймагамбетов  автожол саласында үлкен тәжіриебесі бар. Әртүрлі уақытта Көлік инфрақұрылымдық даму комитетінің Ақтөбе басқармасында еңбек еткен, Автомобилді жол комитетінің Ақтөбе департаментінің директоры қызметін атқарды.

"Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001 жылы), "Құрметті жолшы" (2005) , "Астана" (2007), "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011) медалдарымен, "Құрмет" (2008) орденімен және "Батыс-Европа-Батыс Қытай" (2013) төс белгісімен марапатталған.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқару Төрағасы Ермек Кизатов филиал ұжымымен кездесу кезінде Бағлан Баймагамбетовке жемісті еңбегіне және жақсы жұмысына алғысын білдірді және жаңа директорды таныстырды.
Қобыландин Жаңабай Нагимұлы, 1959 жылы туылған, "Инженер-механик" мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылық институтын және "Инженер-жол құрылысшы" мамандығы бойынша Көлік және коммуникациялық Қазақ академиясын бітірген. 

2008-2011 жж. "Қазақавтожол" РМҚӨ Ақмола облысы филиалының директоры.
2011-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобилді жол комитетінің Ақмола облыстық департаментін басқарды.
2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін бизнес-құрылымда басшы лауазымында болды.

2018 жылдың 3 қаңтарындағы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқару Төрағасының бұйрығы бойынша Маңғыстау облысы филиалының бастығы болып Ербол Омаров тағайындалды. Омаров Ербол Бахтиярұлы, 1985 жылы туылған, "Автомобильді жол, көпір және аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша автожол инженер-құрылысшы, М. Тынышбаев атындағы Көтік және коммуникация Қазақ академиясын бітірді.

2009 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Алматы университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылым комитетінде Техникалық саясат басқармасында жетекші маманынан бастаған.

2013-2017 жылдары - "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Шығыс-Қазақстан облысы филиал директорының орынбасары.
2017 жылдың наурызынан қазіргі уақытқа дейін "Қазақавтожол" РМӨ директорының орынбасары. "Автожол саласында үлесі үшін" медалмен, "Құрметті жолшы" төс белгісімен, "Батыс-Европа-Батыс Қытай" жобасын жүзеге асыруда қатысқаны үшін марапатталған.

Осыған дейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облысы филиалы диреторы лауазымында болған Темірханов Нұржан Самиғоллаұлы өз еркімен жұмыстан босатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети