ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2021 | 14:00
"ҚазАвтоЖолдың" жаңа басшысы 6 жыл бұрынғы жанжалға қатысты пікір білдірді
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жаңа басшысы Асқар Мұратұлы алты жыл бұрынғы "көлік жанжалына" қатысты пікір білдірді. Сол кезде ол Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жаңа басшысы Асқар Мұратұлы алты жыл бұрынғы "көлік жанжалына" қатысты пікір білдірді. Сол кезде ол Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2015 жылғы наурызда сот Асқар Мұратұлын бір жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Ол Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігіне басқа көліктің мемлекеттік нөмірін тағып басқарды деп айыпталған. Мұратұлының айтуынша, кейін оны кінәсі дәлелденбегендіктен сотта ақтап шығарған.
"Бірінші сатыдағы сот шешімі бойынша мен көлік құралдарын басқару құқығымнан айырылдым. Бірақ соңында оны қайтарды және сот арқылы айыппұл алып тасталды. Себебі бұл құқықбұзушылық дәлелденген жоқ. Қазір бұл оқиғаға қатысты БАҚ өкілдері мені көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған деп жазып жүр. Алайда бұл объективті емес және болған жағдайды толық ашып жазбайды", - деді "ҚазАвтоЖол" жаңа басшысы.
Айта кетейік, 2015 жылдың 8 ақпанында кешкісін Зеренді ауылында полиция Toyota Land Cruiser 200 көлігін тоқтатқан болатын. Көлік тізгінінде аудан әкім болғаны, ал мемлекеттік нөмір бөтен көлікке тиесілі екені хабарланған. Полиция әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жіберді. Онда Асқар Мұратұлы кінәлі деп танылып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тәртіптік шаралар қабылдау туралы шешім жіберілген.
22 сәуірде Асқар Мұратұлының "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны белгілі болды. Оның алдында басшылықта болған Ұлан Әліпов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылған еді.
Бірінші кезекте Асқар Мұратұлы барлық республикалық жол жөндеу жұмыстарын тексеруді қолға алған. Олардың арасында "Алтын Орда" маңындағы жолайрық құрылысы да бар. Оның айтуынша, құрылыс биыл қазанда аяқталады.
Асқар Мұратұлы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін екі жыл Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 1998-2002 жылдары көлік және коммуникация министрлігінде жетекші маман, кейін автомобиль жолдары комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2012-2015 жылы Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.
2015 жылдан 2017 жылға дейін Зеренді ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также