30 сәуір 2021 12:20

"Алтын Орда" маңындағы жолайрық: құрылыс аяқталатын мерзім аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазавтожол" жаңа басшысы Асқар Маратұлы "Алтын Ордадағы" жолайрық құрылыс барысын тексеру кезінде. Фото: "Қазавтожол" баспасөз қызметінен "Қазавтожол" жаңа басшысы Асқар Маратұлы "Алтын Ордадағы" жолайрық құрылыс барысын тексеру кезінде. Фото: "Қазавтожол" баспасөз қызметінен

"Қазавтожол" ұлттық компаниясының жаңа басшысы Асқар Маратұлы "Алтын Ордадағы" жолайрығының құрылысы нақты аяқталатын мерзімді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазавтожол" ұлттық компаниясының жаңа басшысы Асқар Маратұлы "Алтын Ордадағы" жолайрығының құрылысы нақты аяқталатын мерзімді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазавтожол" басқарма төрағасының айтуынша, бұған дейін нысанды салған компания өз міндетін атқара алмаған. Сондықтан онымен келісімшарт бұзылған. Кейін шұғыл түрде конкурс өткізіліп, жолайырық құрылысын жалғастыратын жаңа құрылысшысы табылған.

"Бірінші "Дәулет ДорСтрой" компаниясымен келісім 2017 жылы жасалды. Ол жолайрығын 2020 жылы тапсыруы керек еді. Бірақ нысандар уақтылы бұзылмағандықтан және пандемияға байланысты құрылыс уақытында аяқталған жоқ. Жасалған келісім-шарт олардың міндеттемелерін толық орындамауына байланысты бұзылды. Бүгін, 30 сәуірде жаңа мердігермен келісімшартқа қол қойылды. Ол - "СиноМиноСтрой" компаниясы. Осы жобаны аяқтаумен айналысады. Біз құрылысты биыл қазанда аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Маратұлы.

Ол "Алтын Орда" маңында салынып жатқан жолайрықтағы негізгі эстакада ұзындығы 600 метр екенін айтты. Қазіргі уақытта оның 80 метрі салынған. Сондай-ақ, құрылысқа шамамен 12 миллиард теңге бөлінді, оның алтауы игерілген.

"Қосымша қаражат қажет емес. Жаңа мердігер беделді компания. Жұмыс тәжірибесі мол. Жол айырығының сапасы құрылыс нормаларының барлық талабына сәйкес келеді. "Апорт" сауда орталығы маңындағы жолды мамырда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл жерге жағдайды көріп, әрі қарай нысанды бақылауымда ұстау үшін келдім", - деді Асқар Маратұлы.

Асқар Маратұлы "Алтын Ордадағы" жол айрығы құрылысы барысын тексеру кезінде. Фото: "ҚазаАвтоЖол" баспасөз қызметінен

Айта кетейік, 22 сәуірде Асқар Маратұлы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын. Оның алдында басшы болған Ұлан Әліпов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылған еді.

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кеткен. Оның бірі -  екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурызда сатып алынды. 

"Бұл ешқашан бітпейді!". "Алтын Орда" маңындағы кептеліс жырына 4 жыл

Кейін мәселелер шешіліп, құрылысты аяқтаудың жаңа мерзімі белгіленді. Жоба 2020 жылдың жазына дейін аяқталады деп уәде берді. Бірақ өткен жылдың көктемінде карантинге байланысты "Алтын Орда" базары маңына блокпост қойылды. Жақында жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети