Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"15 сәуірде Алматы, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 15, 16, 17 cәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ та жаууы мүмкін. Түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!