"Қазгидромет" Астана, Алматы және Қазақстанның тағы бес қаласының тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2025 жылғы 28 қаңтарда Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Балқаш, Жезқазған қалаларында, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!