"Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпарат ауа сапасы болжамына қатысты.
"27 наурызда Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", - делінген хабарламада.
Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдайлар - бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, тымық) жиынтығы.