15 қараша 2017 | 09:31

"Қазгидромет" қараша мен желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© goodfon.ru © goodfon.ru

"Қазгидромет" РМК өкілдері қараша мен желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтып берді. Мамандардың айтуынша, елімізде 20 қарашадан бастап айдың соңына дейін күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК өкілдері қараша мен желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтып берді. Мамандардың айтуынша, елімізде 20 қарашадан бастап айдың соңына дейін күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, жоғары ауа температурасы Ираннан келіп жатқан ауа массаларымен байланысты. 

"Бірақ келіп жатқан массалар қар, тұман, көктайғақ, жел және солтүстік аумақтарға боран әкелуі мүмкін. Дегенмен тропосфералық ағындардың басым бөлігі батыс жаққа қарай кетуіне байланысты ауа температурасы аса өзгермейді. Қалыпты нормадан 2-5 градусқа жоғары болады", - деді синоптиктер.

17 қарашада Қазақстанның солтүстік-батыс өңірлеріне Солтүстік Сібір аудандарының ылғалды ауа массалары келіп, күн салқындай бастайды: қар, тұман, көктайғақ пен боран күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус аралығында.

"Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 18-19 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болып, тек солтүстік-шығыс ауамқтарда қар, секундына 15-23 метрге жететін жел болуы мүмкін. Ал 20 қарашаға қарай күн қайта жылынады", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

Ал желтоқсанда еліміздің солтүстік-шығысындағы ауа массалары салқын әкеледі. Қазақстанның тек батыс өңірлерінде ауа температурасы климатттық нормадан жоғары болады.

"Жауын-шашынның нормадан тыс мөлшері батыс және солтүстік өңірлерде, сондай-ақ, Қазақстанның таулы аймақтарында жауын-шашын нормадан жоғары болады. Ал қалған аумақтарда ауа температурасы климаттық нормадан төмен", - деді синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети