09 қыркүйек 2016 | 10:05

"Қазгидромет" РМК бас директоры ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazhydromet.kz © kazhydromet.kz

"Қазгидромет" РМК бас директоры ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке Марат Кынатов келді. Бұған дейін ол "Павлодар" арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы" АҚ-ны басқарған. 


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК бас директоры ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке Марат Кынатов келді. Бұған дейін ол "Павлодар" арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы" АҚ-ны басқарған. 

"Қазақстан Републикасы Энергетика министрінің бұйрығымен "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жаңа бас директор - Кынатов Марат Полатұлы тағайындалды", - делінген кәсіпорынның сайтында жарияланған хабарламада. 

Қынатов Марат Полатұлы 1960 жылы 17 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ химия-технологиялық институтін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылы Біріккен Вена институтында нарықтық экономика және қаржылық талдау бойынша кіріспе курсынан өткен, ал 1995 жылы Гарвард университетінде "Дамушы мемлекеттерде мемлекеттік кәсіпорындарды реформалауға және жекешелендіруге қатысты халықаралық бағдарлама" бойынша оқыған.

Еңбек қызметін 1982 жылы Шымкент қаласындағы цемент зауытында ауысымды басқаратын шебер, аға инженер-технолог ретінде бастаған. 1998 жылы М. П. Қынатов ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, 2001 жылы - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қаржы департаментінің директоры лауазымын атқарған. 2002 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған.

2002 жылғы қазаннан бастап ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Заң департаментінің директоры.
Соңғы кезде "Инвестициялар тарту бойынша агенттік" ЖШС-ның директоры лауазымын атқарған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети