Казинода жасырын құрылғылар қолданған: Сиднейде қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Казинода жасырын құрылғылар қолданған: Сиднейде қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды Midjourney көмегімен жасалған

Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казинода 1,18 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казинода 1,18 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Мән-жайы

Полиция мәліметінше, 36 жастағы қазақстандық әйел казино қызметкерлерінің көзіне бірден түскен. Олар оның киіміндегі Микки Маус бейнесі түрінде жасырын мини-камераны байқап қалған. Күзетшіге хабар берілгеннен кейін оқиға орнына полиция шақырылып, әйел мен оның 44 жастағы күйеуі ұсталған.

Тінту барысында олардан магниттік зондтар, батареялар және жасырын түсіруге арналған арнайы телефон құрылғылары табылған. Сондай-ақ ұялы телефонға жалғанатын шағын айналы адаптер тәркіленді.
Сиднейдегі жалдамалы пәтерлерінен қосымша ойын құрылғылары, әшекей-бұйымдар және 2 мың еуро табылған.

Полиция болжамына сәйкес, жұп Аустралияға 2025 жылдың қазанында келіп, сол күні-ақ казиноға мүшелік рәсімдеген. Қазан мен қарашада олар бірнеше рет үлкен сомада ақша ұтып, күдік тудырған.

Алдау схемасы

Тергеу нұсқасы бойынша, мобильді телефондар ойын үстеліндегі карталарды жасырын түсіріп, ақпаратты құпия құлаққап арқылы жеткізіп отырған. Осылайша олар тиімді сәттерде бәс тігіп, жүйені алдап отырған.

Қазақстандық жұптың ісі кепілпұл мәселесі бойынша сотта қаралды. Екеуі де бостандыққа шығу туралы өтініш бермеген, ал сот кепілмен босатудан бас тартты.

Әйелдің ісі 2026 жылдың ақпанына белгіленген, ал күйеуі 11 желтоқсанда сот алдында жауап береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети