05 қыркүйек 2014 | 17:07

"ҚазМұнайГаз" бойкотқа қатысты көзқарасын білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"ҚазМұнайГаз" компаниясы WhatsApp арқылы май құю бекеттеріне бойкотқа шақырған хабарламаларға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, мұндай хабарламаларға жанармай мен дизель отынының күрт қымбаттауы және кейбір бекеттердің АИ-92-ні талон бойынша ғана беруі себеп болған еді. Наразы жүргізушілер баға арзандамайынша ірі жеткізушілердің бекеттеріне бармай қоюды ұйғарған.

Иконка комментария блок соц сети

"Иә, біз әлеуметтік желілер арқылы, соның ішінде, WhatsApp-пен мұндай ақпараттың таратылғанынан хабардармыз. Тұтас алғанда, елдің кез келген азаматы белгілі бір жағдайға байланысты өз көзқарасын немесе ұстанымын білдіруге құқылы. Қазақстанның жанармай құю бекеттеріндегі бағаға келсек, бағаны мемлекет бекітеді - АИ-92/95 жанармайының құны литріне 128 теңге деңгейінде тұр", - деді "ҚазМұнайГаз - өңдеу мен маркетинг" АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің жетекшісі Ғалым Тұмабаев.

Оның айтуынша, соңғы апталарда Қазақстанда жанармай саудасы айталықтай жоғарылады. Ал компания, оның айтуынша, дүрлігу туғызуға мүдделі емес. "Бүкіл ел бойынша 4000 май құю бекеті бар, оның 340-ы "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі. Әрине, біз бағаның қалыптасуына ықпал ете алмаймыз, онымен құзыретті тұлғалар айналысады. Тұтас алғанда, бойкот қымбат бағамен күрестің және мәселені шешудің жақсы әдісі емес", - дейді Тұмабаев.

Еске салайық, қазақстандықтар WhatsApp ұялы мессенджері арқылы екінші күн бойы жаппай хабарламалар алып жатыр. Хабарламалар жүргізушілерді Helios және "ҚазМұнайГаз" сияқты ірі жеткізушілердің май құю бекеттеріне бармауға, сол арқылы жанармайдың қымбаттауымен күресуге шақырады. Хаттың жасырын авторлары хабарламаны WhatsApp-тың үш миллионға жуық тұтынушысы оқиды деп шамалап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети