29 қаңтар 2014 | 10:40

"ҚазМұнайГаз" "Ромпетрол Рафинаре" компаниясының акциясын сатып алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото rompetrol.com Фото rompetrol.com

"ҚазМұнайГаз"ҰҚ" АҚ Румынияның "Ромпетрол" компаниясына еншілес "Ромпетрол Рафинаре" компаниясының 26,7 пайыз акциясын сатып алмақ. Акцияның жалпы құны 200 млн долларды құрайды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазірде бұл тұрғыда Румыния Үкіметі мен Румыния Энергетика министрлігі мемлекеттік акция пакеттерін басқару және жекешелендіру жөніндегі агенттігі арасындағы қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум ережелерін түпкілікті бекітті. Меморандумның негізгі мақсаты - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ стратегиялық мүдделеріне сәйкес келетін Румыния энергетикалық секторындағы жобаларды жүзеге асыру үшін біріккен инвестициялық қор құру болып табылады". Инвестицияның жалпы құны 1 млрд АҚШ долларын құрауы мүмкін. Жобаларды қаржыландыру "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның инвестициялық саясатына сәйкес капитал нарығындағы қорлардың қарыз алысу есебінен, сонымен қатар жекелей алғандағы жобалардың деңгейінде басқа инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Атап өтер маңызды жайт, инвестициялық қор аясында инвестициялық бағдарламаларды жалғастыру Қара теңіз бассейні аймағында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның халықаралық ірі ойыншы ретіндегі позициясын күшейте түсуге мүмкіндік береді. Инвестициялық қор осы саладағы үздік тәжірибеге сәйкес Румыния мемлекеті мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тараптарының мүдделерін сақтай отырып жұмыс істейтін болады. Румыния Премьер-Министрімен кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы С.Мыңбаев "Біз румын атқарушы билігінің і шешімдерді қарастыруы мен қабылдауына дайындығын жоғары бағалаймыз. Түсіністік пен елдегі экономикалық ахуалды болжауды талап ететін, сонымен бірге жаңа инвестициялық жобаларды тарту мен іске асыру барысында қолдауды қажет ететін мұндай жағымды жағдай жергілікті іскерлік қауымдастық үшін ауадай қажет" деді. .

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети