“Қазмырышта“ жұмысшылар қаза тапқан жарылыстың алдын ала себебі аталды

“Қазмырышта“ жұмысшылар қаза тапқан жарылыстың алдын ала себебі аталды Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Востокцветмет" пен "Қазмырыш" нысандарындағы ірі апаттың алдын ала себептерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Востокцветмет" пен "Қазмырыш" нысандарындағы ірі апаттың алдын ала себептерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тергеу жалғасып жатыр"

Ведомство басшысы екі ірі апат бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Сөз "Востокцветмет" шахтасы мен "Қазмырыш" зауытындағы оқиғалар туралы болып отыр.

Жарнама
Жарнама

"Тиісті сараптамалар тағайындалып, бейінді мамандарды тарта отырып зерттеулер жүргізіліп жатыр.

"Востокцветмет" шахтасындағы апаттың алдын ала себептері: тау-кен жұмыстарын жобалау құжаттамасын бұза отырып жүргізу және жұмыстың қанағаттанарлық жағдайда ұйымдастырылмауы.

"Қазмырыш" зауытындағы жарылыс, алдын ала мәлімет бойынша, технологиялық процестің бұзылуынан болған", – деді Әрінов үкімет отырысында.

Бұл ретте ТЖМ басшысының мәліметінше, бұған дейін де қос нысанда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталған.

"Техникалық құжаттаманың сәйкес келмеуі, техникалық құрылғыларды пайдалану мерзімін ұзартуға арналған сараптамалардың жоқтығы, жобалық құжаттамадан ауытқу, өндірістік бақылаудың әлсіздігі, сондай-ақ тозған жабдықтардың уақтылы ауыстырылмауы анықталды", – деді министр.

Оның айтуынша, тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар, Әрінов жалпы ел бойынша қауіпті өндірістік нысандардағы жазатайым оқиғалар мен жұмысшылар өлімі жағдайы азайғаны байқалатынын хабарлады.

Бес ай ішінде бақылаудағы нысандарда 43 оқиға мен 12 апат тіркелді. 10 апат бойынша тергеу жұмыстары аяқталған.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Өскемен тұрғындарын аспанға көтерілген қою түтін шошытқан болатын. Жарияланған кадрлардан будақтаған қалың түтінді көруге болады.

Желі қолданушылары жарылыс болуы мүмкін деп болжаған. ТЖМ мәліметінше, зауыттардың бірінің аумағында "шаң жинағыш құрылғы жарылып, артынан өрт шығып, нысан ішінара қираған". Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жалын анықталды.

Алдын ала ақпарат бойынша, жедел жәрдем қызметкерлері төрт адамды ауруханаға жеткізгені айтылған еді. Кейін оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алғаны хабарланды.

Айта кетейік, 5 мамырда өткен Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылыс дерегі бойынша ТЖ және Экология министрліктеріне, сондай-ақ өңір әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілгенін мәлімдеді. Жағдай премьер-министрдің бақылауында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама