Өскемендегі зауытта болған жарылыстан екі жұмысшы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендегі зауытта болған жарылыстан екі жұмысшы қаза тапты Фото: instagram.com/novosti__uka

5 мамырда "Қазмырыш" компаниясының Өскемен металлургиялық кешені аумағында штаттан тыс жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


5 мамырда "Қазмырыш" компаниясының Өскемен металлургиялық кешені аумағында штаттан тыс жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, түтін сорғышты тазалау жұмыстары кезінде жарылыс болып, соңы өртке және конструкциялардың ішінара құлауына әкеп соққан.

"Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, зардаптарды жою шаралары жүргізіліп жатыр. Жан-жақты және объективті тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады", - деп хабарлады "Қазмырыш" қазақстандық тау-кен металлургиялық компаниясының баспасөз қызметі.

Компания қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ресми мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау, соның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетілетіні айтылды.

"Сонымен қатар уәкілетті органдар қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, рұқсат етілген нормалардан аспайтын және қауіпті ластаушы заттар бөлінбейтін шаң шығарындысы тіркелді", - деді компания өкілдері.

Еске сала кетейік, Өскемен тұрғындарын аспанға көтерілген қою түтін шошытқан болатын. Жарияланған кадрлардан будақтаған қалың түтінді көруге болады.

Желі қолданушылары жарылыс болуы мүмкін деп болжаған. ТЖМ мәліметінше, зауыттардың бірінің аумағында "шаң жинағыш құрылғы жарылып, артынан өрт шығып, нысан ішінара қираған". Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жалын анықталды.

Алдын ала ақпарат бойынша, жедел жәрдем қызметкерлері төрт адамды ауруханаға жеткізгені айтылған еді. Оқиға орнында қырық өртсөндіруші мен 10 техника жұмыс істеп жатыр, залал көлемі анықталады.



Айта кетейік, 5 мамырда өткен Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылыс дерегі бойынша ТЖ және Экология министрліктеріне, сондай-ақ өңір әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілгенін мәлімдеді. Жағдай премьер-министрдің бақылауында.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.6   544.85   6.17 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер