©Аntipremia.kz
Қазнет антижүлде тағайындап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. Қазнеттің ең серпінді және амбициялы жобалары Антижүлде аясында тұңғыш рет марапатталмақ. Марапаттау салтанаты сәуір айының 4-і күні өтеді (04.04.2014). "Антижүлде биыл 20 жылдығын тойлайтын қазақстандық интернеттің анағұрлым айтулы адамдарын, сайттарын және елеулі оқиғаларды іріктейді. Марапат жеңімпаздарын анықтаудың басты өлшемі - креативті жігер, жобаларды іске асырудағы фантасмагориялық қасиет, сондай-ақ, өзінің кәсіпқойлығы мен Қазнет қайраткерлерінің шексіз оптимизміне деген сарқылмас сенім. Дәл осы тамаша қасиеттерге қарай біз интернет-нарықта тұрақтылық қана емес, кейде Қазнеттің дамуы мен жетілуіне көмектесетін өрлеулер мен құлдыраулар болатынын байқай аламыз. Көрнектілерді марапаттайтын, күлімдейтін... және қайтадан жұмысқа кірісетін кез келді", - дейді Қазақстан Интернет-қауымдастығының президенті Шавқат Сабыров. Марапат, негізінен, түрлі себеппен ресми түрде еленбей қалған жобаларға берілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Антижүлдеде бастысы - ресмиліктің аз болуы, өзін-өзі сынау жағының көп болуы. Жоба - Рунет антипремиясының заңды жалғасы және Қазақстан мен Ресейді бірыңғай эмоциялық интернет-екпінде біріктіруді көздейді. Антижүлдеде мынадай номинациялар болады: интернет-саудада көзге көрінбейтін табысқа жеткендер үшін "Биореактор", SMM саласында күмәнді жетістіктерге жеткені үшін - «BDSMM» номинациясы, өзіне-өзі пиар жасаған ең белсенді жоба үшін - "Гадкий я!" номинациясы және тағы басқалар беріледі. Марапаттың аталымдары жайлы Аntipremia.kz сайтынан білуге болады. Жүлдеге өтініш беру ақпан айының ортасында басталып, наурыздың ортасына дейін созылады. Одан кейін сарапшылар кеңесінің дауыс беруі, соңынан қазылардың бағалауы болады. Жеңімпаздарды іріктеуге ғаламтор тұтынушылары да атсалыса алады. Байқауға Қазақстан интернетіне қатысы бар кез келген адам өтініш білдіре алады.
Қазнет антижүлде тағайындап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.
Қазнеттің ең серпінді және амбициялы жобалары Антижүлде аясында тұңғыш рет марапатталмақ. Марапаттау салтанаты сәуір айының 4-і күні өтеді (04.04.2014).
"Антижүлде биыл 20 жылдығын тойлайтын қазақстандық интернеттің анағұрлым айтулы адамдарын, сайттарын және елеулі оқиғаларды іріктейді. Марапат жеңімпаздарын анықтаудың басты өлшемі - креативті жігер, жобаларды іске асырудағы фантасмагориялық қасиет, сондай-ақ, өзінің кәсіпқойлығы мен Қазнет қайраткерлерінің шексіз оптимизміне деген сарқылмас сенім. Дәл осы тамаша қасиеттерге қарай біз интернет-нарықта тұрақтылық қана емес, кейде Қазнеттің дамуы мен жетілуіне көмектесетін өрлеулер мен құлдыраулар болатынын байқай аламыз. Көрнектілерді марапаттайтын, күлімдейтін... және қайтадан жұмысқа кірісетін кез келді", - дейді Қазақстан Интернет-қауымдастығының президенті Шавқат Сабыров.
Марапат, негізінен, түрлі себеппен ресми түрде еленбей қалған жобаларға берілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Антижүлдеде бастысы - ресмиліктің аз болуы, өзін-өзі сынау жағының көп болуы. Жоба - Рунет антипремиясының заңды жалғасы және Қазақстан мен Ресейді бірыңғай эмоциялық интернет-екпінде біріктіруді көздейді.
Антижүлдеде мынадай номинациялар болады: интернет-саудада көзге көрінбейтін табысқа жеткендер үшін "Биореактор", SMM саласында күмәнді жетістіктерге жеткені үшін - «BDSMM» номинациясы, өзіне-өзі пиар жасаған ең белсенді жоба үшін - "Гадкий я!" номинациясы және тағы басқалар беріледі. Марапаттың аталымдары жайлы Аntipremia.kz сайтынан білуге болады.
Жүлдеге өтініш беру ақпан айының ортасында басталып, наурыздың ортасына дейін созылады. Одан кейін сарапшылар кеңесінің дауыс беруі, соңынан қазылардың бағалауы болады. Жеңімпаздарды іріктеуге ғаламтор тұтынушылары да атсалыса алады.
Байқауға Қазақстан интернетіне қатысы бар кез келген адам өтініш білдіре алады.