30 қыркүйек 2016 | 13:34

Қазнет қолданушылары қарағандылық шенеуніктің дөрекі жазбасын сөкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнет қолданушылары қарағандылық шенеунік Руслан Телегиннің жазбасына шүйлікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазнет қолданушылары қарағандылық шенеунік Руслан Телегиннің жазбасына шүйлікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Facebook желісіндегі өз парақшасында байланыс операторына наразылығын білдіріп, жазба қалдырған. "Кейсел ауру бейшаралар" ("Кейсел, больные ублюдки")", - деп жазған Kcell компаниясының кеңсесіне қарама-қарсы кесілген талдардың суретінің сипаттамасында. Шенеунікің бұл әрекетін қолданушылар мазақ етті. Себебі заң бойынша талдарды кесуге әкімдік қана рұқсат береді, ал әкімнің кеңесшісі мұны жақсы білуі тиіс. Қолданушылар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке шенеуніктің жазбасының дөрекілігін айтып, арызданған. Kcell талдарды кесуге қаланың әкімшілігі рұқсат бергенін айтады.

Телегин бірнеше уақыттан соң бұл жазбасын алы тастаған, алайда қолданушылардың бірі жазбаны скриншоттап алған.

Бүгін, 30 қыркүйекте шенеунік кешірім сұрап, жазба туралы Tengrinews.kz тілшісіне мәлімдеме жасады. "Иә, мен кешірім сұрадым өз парақшамда. Жазба Facebook желісіндегі менің жеке парақшамда, алайда менің ойымша, жеке өмір деген ұғым болуы тиіс. Осыған қарамастан, мен өз қателігімді мойындап, кешірім сұрадым, - деді ол.

Телегин өз парақшасында: "Kcell компаниясынан және қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Мен Мир гүлзарындағы кесілген талдардың және компания кеңсесінің орналасқан жеріне қатысты қате ойлаппын. Бұл талдарды тұрғындардың арызынан кейін орындаушы ұйым кескен. Менің ойымша кесілген талдар қаланың сәнін бұзады. Қазіргі уақытта мүмкіндік бар кезде әр сенбілікте тал отырғызу ойымда бар және сіздерді де осыған шақырамын".

Еске салайық, осындай бір ұқсас оқиға Алматы облысының Қапшағай қаласында да болған. Қапшағай әкімі Сәтжан Кикимов оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен ол әрқашан да зор дауыспен сөйлейтінін және атышулы видеода ешкімнің ар-намысына тимегенін мәлімдеді. Бірақ ол халық арасындағы ер адаммен "сіз" деп емес, "сен" деп сөйлескенін қателік деп біледі екен. Кейінірек Қапшағай әкімі даулы видеодан кейін өз қалауымен қызметінен кету туралы өтініш жазған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети