15 наурыз 2017 | 13:08

Қазнет қолданушылары норматив тапсырып жатқан полицейлердің жаттығуына наразы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

ҚР ІІМ өкілдері полицейлердің өзгеше жаттығу шараларын жүргізіп жатқан видеосына байланысты мәлімдеме жасады. Қазақстандықтар осы жаттығу түріне наразы болып, мұның нағыз қорлау екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ өкілдері полицейлердің өзгеше жаттығу шараларын жүргізіп жатқан видеосына байланысты мәлімдеме жасады. Қазақстандықтар осы жаттығу түріне наразы болып, мұның нағыз қорлау екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінің қолданушысы Жанар Жахат өз парақшасында видео жариялады, онда полицейлер норматив тапсырып жатыр. Қыздың ойынша, осы нормативті тапсыру жаттығу шаралары полицейлерді қорлау болып саналады. 

"Біздің полицейлер осылайша тест тапсырады екен. Бұл адамды қорлау деп санаймын. Полицейлердің кәсіби біліктігі және білімін жоғарылату керек, бірақ мынадай жолмен емес шығар. Неге қазақ тілінде емес?" - деп жазды Жанар өз парақшасында. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер  роликтің еліміздің барлық өңірінде ашылған залдардың бірінде, яғни арнайы жаттығу орталықтарының бірінде түсірілгенін айтты. Ведомстводағылар орталықтың ең басты мақсаты қызметте жүргенде жеке басының қауіпсіздігін сақтау, заң бұзушы мен қылмыскерді ұстау кезінде тактикалық тәсілдерді үйрену екенін айтып отыр. Сонымен қатар, мұнда полицейлерді экстремал жағдайларда қалай әрекет етуі керектігіне үйретеді, жаппай заң бұзушыларды ұстау және қорғаныстағы белсенділікке үйретеді. 

"Жаттығу бағдарламалары құрастырылған, тактикалық-арнайы жаттығулар мен қарулы, физикалық, медициналық, психологиялық дайындықтардан өтеді. Полиция қызметкерлері физикалық, психикалық ауыртпалық кезінде оқ атып үйренеді. Бүгінгі әлемдік талаптарға сай бронды кеудеше мен және жылдамдыққа ату жаттығулары қарастырылған", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Биыл арнайы жаттығу орталықтарында 1000-ға жуық полиция қызметкерін дайындықтан өткізу жұмыстары жоспарланған. Іщкі істер органдарының қызметкерлерінің бірінші жаттығулары 31 қаңтардан 4 ақпанға дейін өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети