Полицей көлігіне шығып алып дәрет сындырған ер адам Қазнет қолданушыларын шулатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицей көлігіне шығып алып дәрет сындырған ер адам Қазнет қолданушыларын шулатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сурет Instagram желісіндегі 24na7kz парақшасында пайда болды. Бірақ онда оқиғаның қашан және қай жерде болғаны айтылмайды. Дегенмен полицей көлігінің мемлекеттік нөміріне қарағанда бұл сурет Алматы облысында түсірілген.
Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның әрекетіне түрлі пікірлер білдіріп жатыр. Алайда көпшілігі ер адамның мұндай әрекетін ерсі көріп жатыр. Кейбіреулер оны осылайша құқық қорғау органдары өкілдерінен кек алмақшы болғанын айтса, тағы біреулері ер адамның мас болып, өзі не істеп жатқанын түсінбеген болар деп жазып жатыр. Сондай-ақ, полицейге айыппұл салады деген де пікірлер жазылып жатыр.