Қазнетте "Халықтық IPO" туралы жалған жарнама тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте "Халықтық IPO" туралы жалған жарнама тарады Фото: sk.kz

Әлеуметтік желілерде күніне 65 000 теңгеден табыс табуға болатыны туралы "Халықтық IPO" бағдарламасының жарнамасы тарады. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен үзінді келтірілген, - деп хабарлайды stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде күніне 65 000 теңгеден табыс табуға болатыны туралы "Халықтық IPO" бағдарламасының жарнамасы тарады. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен үзінді келтірілген, - деп хабарлайды stopfake.kz.

Жарнама баннерінде Қазақстан Президентінің суреті және оның "Халықтық IPO" бағдарламасын кеңейту туралы дәйексөзі жазылған. Онда елдің ұлттық байлығы халыққа тиесілі екені айтылған. Бұл ретте жарнамада салымшылар күн сайын 65 мың теңгеден табыс табатыны көрсетілген.

Сайт мәліметінше, Мемлекет басшысы бұл туралы 2021 жылы айтқан. Сол кезде ол "Халықтық IPO" бағдарламасын қайта бастауды тапсырған болатын. Бағдарлама қайта қолға алынбақ, бірақ оған әлі қатысуға болмайды және табыс туралы уәде де сенімсіз.

Әлеуметтік желілерде тараған жарнаманың бағдарламаға ешқандай қатысы жоқ екенін "Самұрық-Қазына" қоры да растады.

"Әзірше қор нарығына "Эйр Астана" және "ҚазМұнайГаз" компанияларының бағалы қағазын шығару жоспарланып отыр. Бұл компаниялардың акциясын қор нарығына орналастырудың нақты күндері әлі белгіленген жоқ және бұл капитал нарықтарындағы конъюнктураға және компаниялардың жағдайына байланысты. Бұл ретте қор нарығына шығару жоспарланып отырған ұлттық компаниялардың акциялары бойынша кіріс нарық конъюнктурасымен айқындалатынын ерекше атап өтеміз", - деді қордың баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети