Қазақстандықтар Желіде 2010-2021 жылдар аралығында жұмыс істемеген немесе табысы төмен адамдар мемлекеттік субсидия ала алады деген хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар Желіде 2010-2021 жылдар аралығында жұмыс істемеген немесе табысы төмен адамдар мемлекеттік субсидия ала алады деген хабарлама таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Telegram мессенджерінде 2010 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде жұмыс істемеген немесе табысы төмен адамдар мемлекеттік субсидиялар ала алады деген ақпарат тарады. Хабарламада оның мөлшері 85 400 теңге екені және үш ай ішінде төленетіні көрсетілген.
Бұл ақпаратты Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған табысы төмен және жұмыссыз тұрғындар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды", - делінген ведомство жауабында.
Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік жүктелетіні туралы еске салды.
Қазнетте мемлекеттік төлемдер мен жеңілдіктер туралы хабарламалар бірінші рет таратылып отырған жоқ. Бұған дейін әлеуметтік желілерде 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге көмектесуге уәде беретін парақшалар пайда болғаны хабарланған еді. Ол үшін есепшотқа ақша аудару керек. Өтініш берушіден қызмет үшін 3120 теңге сұралады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!