Қазнетте COVID-19-ға қарсы вакциналар іс жүзінде аурудан қорғамайды деген ақпарат таралды. Бұны дәрі-дәрмек өндірушілердің өзі мойындағанын жазған. StopFake порталы жағдайдың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазнетте COVID-19-ға қарсы вакциналар іс жүзінде аурудан қорғамайды деген ақпарат таралды. Бұны дәрі-дәрмек өндірушілердің өзі мойындағанын жазған. StopFake порталы жағдайдың мән-жайын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазба авторы дәлел ретінде Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty вакцинасы туралы ақпараттық парақты жариялаған.
"Қазіргі уақытта COVID-19 қарсы вакциналардың вирустың таралуына қаншалықты тиімді екенін білмейміз. Демек, екпе жасатқан адам SARS-CoV-2 вирусын жұқтыруы мүмкін. Егер онда инфекцияны жұқтыру белгілері болмаса немесе шамалы болса, ол бәрібір оны басқаларға жұқтыруы мүмкін", - делінген құжатта.
Дәрігер-вакцинолог Евгений Тимаковтың айтуынша, вакцина вирустың органдарға өтуіне жол бермейді. Ол ағзаға зиян келтіреді. Бірақ препарат қоршаған ортадан шырышты қабыққа вирустың түсуіне кедергі бола алмайды.
"Вакцинация кезінде шырышты қабық иммунитеті көтерілмейді, сондықтан коронавирус жұтқыншаққа түсіп, көбейе бастайды. Осылайша адам инфекция көзіне айналады", - дейді маман.
Екпе салдырғанның өзінде індетті басқаларға жұқтыру мүмкіндігін болдырмау үшін белгіленген санитария талаптарын сақтау қажет: маска тағу, қолды сабынмен жиі жуу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау.
Айта кетейік, ақпараттық құжатта вакцинаның тиімділігін дәлелдейтін ауқымды клиникалық зерттеулер туралы жазылған. Яғни, препаратты салдырған адам ағзасында COVID-19-дың өршуін болдырмайды.
Қазақстанда Pfizer/BioNTech өндірген вакцина қолданылмайды. Елімізде тәуекел топтар мен еріктілерге "Спутник V" вакцинасы салынады.
"Осылайша, өндірушілер вакцинаның тиімділігі төмен екендігін мойындағаны туралы ақпарат - халықты алдау және дұрыс шешімнен айныту. Адамдарға вакцинациядан кейін де басқаларды қорғау үшін санитария талаптарын сақтау керек екенін ескертеміз", - дейді жазба авторы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!