Қазнетте Шымкент ХҚКО-сындағы дүрбелең талқыланып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Қазнет қолданушылары Шымкенттің мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы дүрбелеңді талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнет қолданушылары Шымкенттің мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы дүрбелеңді талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының қақпасы ашыла салып, жапа-тармағай есікке ұмтылған жұрт түсірілген видео пайда болды. Кезекке ұмтылған көпшілік қоршаудан секіріп жатқаны көрінеді. Қолданушылар кадрлардағы көріністі "зомбилар" деп атаған.

"Азаматтарға арналған үкімет" оқиға Шымкенттегі №1 арнайы ХҚКО-да болғанын хабарлады. Клиенттер тарапынан құқық бұзу деректері тіркелмеген. Сондай-ақ, мүлікке ешқандай зиян келмеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_astana 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.astana)

"Қазіргі уақытта онда кезек көп. Көпшілігі C1 санатына ("Газель" жүк) жүргізуші емтиханын тапсыруға келгендер. Себебі, қаладағы екі автодромның бірінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы ХҚКО-ның өзі штаттық режимде жұмыс істеп, автокөліктерді қайта тіркеу және теориялық емтихан тапсыру қызметіне клиенттерді қабылдады.

Ақпанның аяғынан бастап автодром жұмысын жалғастырып, көлік жүргізудің барлық санаты бойынша тұтынушыларды қабылдай бастады. Дегенмен, осы уақыт ішінде практикалық емтихан тапсыруға ниет білдірген азаматтар қатары жиналып қалды", - деді мемлекеттік корпорация өкілдері.

Олардың айтуынша, бұл арнайы ХҚКО-ға бір миллионға жуық тұрғыны бар Шымкент қаласының халқы ғана емес, екі миллионнан астам тұрғыны бар бүкіл Түркістан облысы жүгінеді. Бұл жағдайды қиындатып отыр.

"Жағдайды ескере отырып, қазіргі уақытта арнайы ХҚКО-ның жұмыс кестесі ұзартылды. 19, 20 және 23 наурызда бұл филиал әдеттегідей сағат 8.00-ден сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, С1 санатын алу үшін қосымша автокөлік бөлінді", - деп толықтырды "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети