Қазнетте ту ұстағандардың жүрісі талқыланып жатыр. Министрлік жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде әскери формадағы төртеудің мемлекеттік туды көтеріп жүргені түсірілген видео тарады. Ту ұстағандар әскерге қатысы жоқ жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазбада ер адам ту ұстағандардың қате жүруін сынағаны естіледі. "Мыналардың қалай жүретінін қараңыз. Дұрыс жүре алмайды. Бұл не?" - дейді ер адам.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қолданушылар да ту ұстағандардың жүрісін сынаған: "Бұл ұят"; "Масқара"; "Масқара, мыналардың командирі ұялмай ма?".

Қорғаныс министрлігі өкілдері видеодағылардың әскерге қатысы жоқ ЖОО оқытушылары мен студенттері екенін, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерге ешқандай қатысы жоғын хабарлады.

"Күш құрылымдарының белгілері бар әскери форманы оған қатысы жоқ адамдарға киюге заң жүзінде тыйым салынған", - деп толықтырды әскери ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети