Салтанат Бекжігітова. Фото vk.com сайтындағы жеке парақшасынан алынды
20 жасар алматылық Салтанат Бекжігітова жыл сайын өтетін Miss.Kz-2013 интернет-байқауының ең әдемі аруы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Miss.Kz байқауы 2013 жылдың қаңтарында басталған болатын. Ғаламтор пайдаланушылары әр ай сайын ең әдемі аруды таңдап отырған. Бұл ретте Салтанат Бекжігітова "Қазан айының аруы" титулын жеңіп алған. Жыл соңында ақтық сынға шыққан 12 қыз онлайн-дауыс беру арқылы таңдалды. Нәтижесінде 2273 дауыс жинау арқылы Салтанат Бекжігітова хас сұлулар арасынан топ жарды. Екінші орын алматылық Салтанат Тыныбековаға бұйырды. Ол 1863 дауыс жинаған. Салтанат Бекжігітова бұған дейін "Алматы аруы - 2010" және "Вице-мисс Қазақстан-2010" атақтарын иеленген, сонымен бірге ол Top Model Asia-2009, Miss Fashion TV-2012 байқауларының қатысушысы. HitTV телеарнасында жүргізуші болған. Қазіргі таңда НТК арнасында "Ревю" бағдарламасын жүргізеді. "Болашақ мамандығым менеджер. Менеджмент ұйымдастыру, жоспарлау, және басқаруды қамтиды. Осы ретте мен өзімді жақсы ұйымдастырушымын деп есептеймін. Уақытымды тиімді пайдалана аламын. Өмірдегі әрбір сәтімді барынша жемісті өткізуге тырысамын. Мен Мәскеуде туылып, Алматыда өскенмін. Мен өзімді жаңа дүниелерді білуге қатты қызығатын талапты адаммын деп есептеймін",- дейді Салтанат Бекжігітова.
20 жасар алматылық Салтанат Бекжігітова жыл сайын өтетін Miss.Kz-2013 интернет-байқауының ең әдемі аруы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Miss.Kz байқауы 2013 жылдың қаңтарында басталған болатын. Ғаламтор пайдаланушылары әр ай сайын ең әдемі аруды таңдап отырған. Бұл ретте Салтанат Бекжігітова "Қазан айының аруы" титулын жеңіп алған. Жыл соңында ақтық сынға шыққан 12 қыз онлайн-дауыс беру арқылы таңдалды. Нәтижесінде 2273 дауыс жинау арқылы Салтанат Бекжігітова хас сұлулар арасынан топ жарды. Екінші орын алматылық Салтанат Тыныбековаға бұйырды. Ол 1863 дауыс жинаған.
Салтанат Бекжігітова бұған дейін "Алматы аруы - 2010" және "Вице-мисс Қазақстан-2010" атақтарын иеленген, сонымен бірге ол Top Model Asia-2009, Miss Fashion TV-2012 байқауларының қатысушысы. HitTV телеарнасында жүргізуші болған. Қазіргі таңда НТК арнасында "Ревю" бағдарламасын жүргізеді.
"Болашақ мамандығым менеджер. Менеджмент ұйымдастыру, жоспарлау, және басқаруды қамтиды. Осы ретте мен өзімді жақсы ұйымдастырушымын деп есептеймін. Уақытымды тиімді пайдалана аламын. Өмірдегі әрбір сәтімді барынша жемісті өткізуге тырысамын. Мен Мәскеуде туылып, Алматыда өскенмін. Мен өзімді жаңа дүниелерді білуге қатты қызығатын талапты адаммын деп есептеймін",- дейді Салтанат Бекжігітова.