"Қазпошта" АҚ неге қазақ тілінде хабарлама жібермейтінін түсіндірді

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" АҚ неге қазақ тілінде хабарлама жібермейтінін түсіндірді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар "Қазпошта" АҚ өз тұтынушыларына тек орыс тілінде хабарлама жіберетініне наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар "Қазпошта" АҚ өз тұтынушыларына тек орыс тілінде хабарлама жіберетініне наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазпочта" АҚ мәліметінше, қазір хабарламалардың барлық түрлерін қазақ тіліне баптау және аудару жұмыстарымен айналысып жатыр. Компания хабарлама мәтіндерінің 70 түрін және push-хабарлама мәтіндерінің 16 түрін қамтитын 56 қызмет түрін көрсететінін ескере отырып, бұл жұмыс барысы бір ай ішінде аяқталады.

"Тұтынушылардан кешірім сұраймыз және хабарламаларды қазақ тілінде жіберу үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатқанымызға сендіргіміз келеді. Корпоративтік веб-сайт пен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар мемлекеттік тілде жүргізілетінін мәлімдейміз. Пошта бөлімшелерінде тұтынушы қызметті өзіне ыңғайлы тілде таңдай алады", - деп хабарлады "Қазпошта" АҚ қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети