03 желтоқсан 2014 | 18:48

"Қазпошта" АҚ Оралда ақша жымқыруға жол берген қызметкерлерін жұмыстан шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Қазпошта" АҚ Оралда мүгедек және жетім балалардың есепшоттарынан 22 миллион теңгенің жымқырылуына жол берген қызметкерлерді жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Қазпошта" АҚ Оралда мүгедек және жетім балалардың есепшоттарынан 22 миллион теңгенің жымқырылуына жол берген қызметкерлерді жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін "Қазпошта" АҚ филиалының тоғыз қызметкерінің материалдық жауапты тұлға бола отыра өздерінің "Колвир" жүйесіндегі логиндері арқылы жалған кассалық шығыс ордерлерін рәсімдеп, мүгедек және жетім балалардың есепшоттарынан ақша жымқырғаны хабарланған еді. "Қазпошта" АҚ қызметкерлері компанияға 21 780 234 теңге көлемінде шығын келтірді. 

"Қазпошта" АҚ мәліметінше, сотталғандар қазір келтірілген шығын сомасын ішінара өтеген. Енді өтелмеген 8 миллион теңге бар. "Компанияның қауіпсіздік қызметі жеке тұлғалардың пошта байланысының орталық операциялық учаскелерінде және басқа да қалалық бөлімшелерде ашқан дербес есепшоттарына ауқымды тексерісті ұйымдастырып, жүргізді. Компания қызметтік міндеттемелерін тиісті атқармай, аталған тұлғалардың заңсыз әрекетіне жағдай жасаған қызметкерлерін жұмыстан шығарды", - делінген "Қазпошта" АҚ таратқан хабарламада.  

Еске сала кетейік, 2 желтоқсан күні Оралда мүгедек және жетім балалардың есепшоттарынан 22 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырғаны үшін "Қазпошта" АҚ филиалының қызметкерлері сотталған болатын. Сот "Қазпошта" АҚ филиалының операциялық учаскесінің бастығын "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айыпты деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тағы үш сотталушыға шартты жаза берілді. Бұған қоса, екі сотталушының бостандығы бір жылға шектелді. Бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған тағы екі сотталушы үшін үкімді орындау бір жылға шегерілді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети