"Қазпошта" АҚ еліміздің барлық өңіріндегі мектептерге оқулықтарды жеткізумен айналысуға ниетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинге сілтеме жасап. Бұл туралы басқарма төрағасы бүгін Мәжілісте "Оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету проблемалары мен шешімдері" тақырыбы бойынша өткен отырыста мәлімдеді.

Қазіргі уақытта мектеп оқулықтарына тапшылық байқалып отыр. Осыған қатысты Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов негізгі проблемалардың бірі ретінде оқулықтарды дер кезінде жеткізу жұмысын сынаған еді. "Біз оқулық тапшылығына қатысты арнайы комиссия құрып, ол бойынша оқулық тізімін бекіту мен оларды мектепке жеткізуге дейінгі тізбекті қарап, тексеріп шықтық. Соның ішінде оқулықтарды жеткізу жүйесінде кемшіліктер бар екені, оған бірқатар өзгерістер енгізу қажеттігі белгілі болды", - дейді министр Сәрінжіпов. Айтуынша, кітап жеткізіп берушілер түрлі жүйеде жұмыс істейді. "Олардың бірі мектепке дейін толық жеткізіп жүрсе, енді бірі тек облыс, аудан орталықтарына дейін ғана қамтамасыз етеді", - дейді ол.
Осыған байланысты, халық қалаулылары аймақтардағы мектептерге оқулықтарды жеткізу мәселесін "Қазпошта" АҚ-ға беруді көтерген еді. Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева "Қазпошта" басшысынан: "Сіздер өңірлердегі мектептерге дейін оқулықтарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз ете аласыздар ма?" деп сұрады.
"Біз мектептерге қажетті оқулықтарды жеткізуді қамтамасыз етуге дайынбыз. Осыған байланысты 1637 автокөлік, 54 пошталық вагон, ірі габаритті жүк тасымалдайтын қызметтеріміз бар. Сондықтан да, біз бүгінгі таңда оқулықтарды мектепке дейін қамтамасыз етуді толық жүзеге асыра аламыз. Оның тарифін біз жеке қарастыруға да дайынбыз", - деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Мусин.