"Қазпошта" Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бөлімшелерін 2 күнге жабады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бөлімшелерін 2 күнге жабады © Тұрар Қазанғапов

28 және 29 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы "Қазпошта" бөлімшелері жұмыс істемейді. Бұл туралы Facebook-те компания басшысы Сәкен Сәрсенов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 және 29 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы "Қазпошта" бөлімшелері жұмыс істемейді. Бұл туралы Facebook-те компания басшысы Сәкен Сәрсенов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі шаралардың күшеюіне байланысты біз 2020 жылдың 28-29 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы пошта бөлімшелеріне демалыс жариялау туралы шешім қабылдадық. Қалған аймақтардағы пошта бөлімшелері әдеттегі кесте бойынша жұмыс істей береді", - деп жазды Сәрсенов.

Оның айтуынша, EMS курьерлік қызметі 28 наурызда сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Хат-хабарларды қабылдау орны Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 134 үй мекенжайы бойынша жұмыс істемейді.

EMS курьерлік қызметі 29 наурызда демалады. 

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді

Мемлекеттік комиссия биылғы 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті:

  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
  • Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  • Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);
  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети