"Қазпошта" сәлемдемесін алу үшін еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектен кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" сәлемдемесін алу үшін еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектен кешірім сұрады Видео кадры

"Қазпошта" бөлімнен сәлемдемесін алып кету үшін баспалдақпен еңбектеп өтуге мәжбүр болған мүгедектен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" бөлімнен сәлемдемесін алып кету үшін баспалдақпен еңбектеп өтуге мәжбүр болған мүгедектен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазпоштаға" еңбектеп кірмек болған қарағандылықтың оқиғасы жалғасын тапты. Видео желіде жарияланғаннан кейін "Қазпошта" АҚ ролик авторымен байланысқа шықты. Компанияның баспасөз қызметі тексеріс болып, филиалдағы кіреберіс аумағының талапқа сай емес екені расталғанын атап өтті.

"Біріншіден, бұл өрескел жағдай. Біз қолданушылардың наразылығын қолдаймыз. Бұл жағдайда айта керлік бірнеше жайт бар. Қарағанды ​​қаласының №20 филиалы франчайзинг негізінде жұмыс істейді. Аумақты тазалауға клинингтік компания жауапты, оның мекен-жайы бойынша талап-арыз жіберілді. Есік алды қалпына келтірілді. Қазір бөлімге кіре берісте пандус жоқ, оны орнату биылғы сәуірге жоспарланған", - деп атап өтті "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, компания Қарағанды ​​филиалының қызметкері мүгедектер мен қарттар үшінен сенімхат ұсынған әлеуметтік қызметкерге мүмкіндігі шектеулі адамның сәлемдемесін неге бермегенін түсіндірді.

"Бастапқыда оның пошта жөнелтімдерін қабылдауға арналған сенімхатының мерзімі өтіп кеткен болатын. Жаңа сенімхатта өкілдің пошта жөнелтімдерін қабылдаудағы өкілеттілігі көрсетілмеген. Мұны клиенттің өкіліне түсіндіріп бердік. Сенімхатқа уақытылы түзетулер енгізілгенде, клиенттің бөлімге келуі қажет болмас еді. Бірақ бұл мәселені шешудің әдісі басқаша болды, біз бұған өкінеміз және бөлімге келу кезінде қолайсыздықты сезінген Пришахтинск тұрғындары мен клиентімізден кешірім сұраймыз", - деді ведомство қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети