"Қазпошта" тұтынушылардың бірі Алматы облысындағы филиалдардың бірінің қызметкерлері ұйымдастырған заңсыздыққа шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазпошта" тұтынушылардың бірі Алматы облысындағы филиалдардың бірінің қызметкерлері ұйымдастырған заңсыздыққа шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл - Қаскелеңдегі Қарасай ауданының әкімшілік орталығында орналасқан "Қазпоштаның" бөлімшесі. Әр айдың басында жәрдемақы немесе зейнетақы алғысы келетін адам көп. Келушілердің бірінің айтуынша, осы кезде адамдар есіктер ашылғанға дейін түн ортасынан бастап кезекке тұруға мәжбүр. Алайда түн ортасынан бастап кезекте тұру қызметті ретімен алатыныңызға кепілдік емес.
"Кезекке таңғы сағат 04:00-ден бері тұрамыз. Ішінде талон беретін құрылғы жұмыс істемейді. Кешегі тізімдегілер бірінші өтеді деп айтты. Не масқара? Маған екінші қабаттан 500 теңге төлеп ала сал деп жатыр. Бас маман осылай дейді. Таңғы сағат 04:00-ден бері кезекте тұрмыз, бірақ тізімі бар қағазымызды жыртып тастайды. Менің олай алатын 500 теңгем жоқ", - дейді ол.
Оқиға видеоға түсіп, кейін әлеуметтік желіде тарап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мән-жайды анықтау үшін Tengrinews.kz редакциясы "Қазпоштаның" бас кеңсесіне жүгінді. Мекеменің баспасөз қызметі өкілдері видеоның авторы бір күн бұрын қалыптасқан кезекте тұрғанын айтты.
"Клиент бір күн бұрын болған кезек бойынша қабылдауды талап етіп, таңертең басшылыққа жүгінген, алайда бұл уақытта бөлімшеде ағымдағы кезек қалыптасып үлгерді.
Тұтынушыларға қызмет көрсетуді жеделдету үшін екінші қабатта қосымша жылжымалы касса ашылды. Бұл үшін қосымша ақы алынбайды", - деді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, Баспасөз қызметі өкілдері Қаскелеңдегі зейнетақы мен жәрдемақыны бір айдың ішінде кез келген бөлімшеден алуға болатынын айтты. Сонымен қатар, бұл төлемдерді төлем карталарына аударуға болады, картадан ақшаны ыңғайлы уақытта алуға, сондай-ақ, төлемдерді, аударымдарды және сатып алуларды іске асыруға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!