Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі ер адам пандустың жоқтығынан "Қазпошта" ғимаратына кіре алмай, баспалдақпен еңбектеуіне тура келген. Оның видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі ер адам пандустың жоқтығынан "Қазпошта" ғимаратына кіре алмай, баспалдақпен еңбектеуіне тура келген. Оның видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде "Қазпошта" ғимаратына кіру үшін еңбектеп бара жатқан аяғы жоқ ер адамның видеосы тарады. Ол Желі қолданушыларын наразы қылып, қоғамдық резонанс тудырды. Видео сипаттамасында кадрлар Қарағандының Октябрь ауданындағы Пришахтинскінің 22-шағын ауданында түсірілгені жазылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мен мүгедектер мен қарттар үйінде тұрамын, үнемі "Аliexpress"-тен зат аламын. Бес жыл бойы бәрі жақсы болған, бірақ қазір пошта бөлімшесі тіпті әлеуметтік қызметкерге сәлемдемелер беруден бас тартады, алайда оның сенімхаты бар. Өзіме баруға тура келді. Міне, осылай", - делінген видео сипаттамасында.
Видеоның екінші бөлігінде тайғақ баспалдақпен қарттар да көтеріле алмайтыны байқалады.
Осыған Желіде көптеген ашулы пікір жазылды. Адамдар қалада мұндай жағдай, өкінішке қарай, сирек емес екенін айтып жатыр.
"Қазпочта" АҚ баспасөз қызметі өкілі бейнероликке түсінік беріп, мән-жайды анықтауға уәде берді.
"Өрескел жағдай. Ден қою шараларын қабылдаймыз, жағдайды анықтаймыз. Нәтижесін хабардар етеміз. Желі қолданушысына жазба мен әділ сын айтқаны үшін алғыс білдіреміз", - деді компания өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!