02 қараша 2016 16:01

Қазпоштаның 30 бөлімшесі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Abai.kz © Abai.kz

"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ мен "Қазпошта" АҚ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде биылғы жылдың 2 қарашасынан бастап Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сату басталады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі “Қазпошта” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ мен "Қазпошта" АҚ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде биылғы жылдың 2 қарашасынан бастап Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сату басталады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі “Қазпошта” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап  ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті - Қазпоштаның 30 пошта бөлімшесінен (әрбір облыстық филиалдағы екі бөлімшеден), ал биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерінен сатып алуға болады. Билеттерді сату көрменің соңғы жұмыс күні - 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылатын болады.

"ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Астана қаласында өтеді. 93 күн ішінде  85% пайызын республика тұрғындары құрайтын 5 миллион адам қатысады деп күтілуде.

Біз Қазпоштаның арқасында ең шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына да көрмеге билет сатып алу мүмкіндігін ұсына аламыз", - деді  "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов: "Біздің осы тектес қызмет ұсынуда тәжірибеміз бар. Қазіргі таңда біздің операторлар т/ж билеттерін, авиабилеттерді және т.б. сату бойынша агенттік қызметтерді ұсыну бағытында жұмыс жасауда", - деп атап өтті.

Пошта бөлімшелерінің операторлары электрондық билеттерді ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату бойынша ресми сайт - tickets.expo2017astana.com арқылы ресімдейтін болады.

Клиенттер күні белгіленген билеттерді жұмыс күндеріне 4000 теңгеге және демалыс күндеріне 6000 теңгеге ала алады. Ал күні белгіленбеген билеттерді жұмыс күніне 6000 теңгеге және демалыс күндеріне 8000 теңгеге ала алады. Билеттерді сату қолма-қол ақшамен де, төлем карточкаларымен де жүзеге асырылады. Бөлімшелердің толық тізімі "Қазпошта" АҚ ресми сайтында: www.post.kz

Билеттерді сатып алынған орны бойынша қайтару қарастырылған. Күні белгіленген билет көрмеге барар күннің алдындағы күннің соңына дейін  қайтарып алынады. Жоғалтып алған жағдайда, билетті tickets.expo2017astana.com сайтында құрылған жеке кабинеттен басып шығаруға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети