23 мамыр 2014 | 13:33

Қазіргі жағдай бізді қатты алаңдатады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, өз тарихында ең ауыр қаржы-экономикалық дағдарысты еңсере білген қазіргі әлем қайтадан тұрақсыздық жағдайына тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, өз тарихында ең ауыр қаржы-экономикалық дағдарысты еңсере білген қазіргі әлем қайтадан тұрақсыздық жағдайына тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық қатынастар "ұстараның жүзімен" жүргізіліп келеді. "Бұл - қауіпті үдеріс. Біріншіден, Қазақстан жетекші державалардың ядролық қауіпсіздік саласындағы диалогы тоқтап қалады деп алаңдайды. Себебі ол ядролық қауіп-қатерлерді төмендетуге арналған соңғы ондаған жылдардың жұмысын жоққа шығаруы ықтимал. Екіншіден, бізді Еуропадағы қауіпсіздік және ынытмақтастық ұйымының Украина шиеленісін шеше алмауы қатты ойландырады. Аталған ұйымның әрекетсіздігі саяси күш-жігердің болмауынан туындап отыр. 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінен кейін де оның басшылығы тиісті өзгерістерді енгізе алмады. Үшіншіден, бүгінде кейбір мемлекеттер өткен ғасырдың ең жаман "мұрасын" қайталап, шиеленістерді қарулы күшпен шешуге барып жатыр. Қазақстанның одан көңілі қалды. Төртіншіден, сан алуан санкциялар еркін саудаға тосқауыл болып жатыр. Халықаралық қарым-қатынастар тарихына үңіліп қарасақ, ондай тәжірибе ешқашан тиімді болмаған. Ол жаһандық экономикалық дамуға қолбайлау болып отыр", - деді бүгін Н.Назарбаев VII Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде. 

Осы орайда Президент "жаһандық сенімнің" таза экономикалық категория екенін ерекше атап өтті. "Ол категория жоғары болған сайын әлемдік экономиканы тездетіп қалпына келтіруге болады", - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети