17 наурыз 2014 | 15:12

Қазіргі уақытта еліміздегі жалақы қарызы 857 млн теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазіргі уақытта еліміздегі жалақы қарызы 857 млн теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз отырысында Т.Дүйсенова осыған қатысты деректерді алға тартты. "Былтыр қаңтар айынның басында елімізде 92 кәсіпорын 9 мың қызметкерге 1 млрд теңгеден астам қарыз болған еді. Содан кейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 793 кәсіпорында 4,3 млрд теңгенің борышын анықтады. Сондай-ақ, Әділет, Қаржы министрліктері мен Бас прокуратура және Астана, Алматы қаласы, облыс әкімдіктері жанындағы дағдарысқа қарсы штабтардың көмегімен барлығы 4,7 млрд теңге болатын 46 мың қызметкердің ақшасы берілді", - деді министр брифинг барысында. 2014 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша барлығы 74 кәсіпорынның еңбекақы қарызы 737,9 млн теңгені құраған. Наурыз айының басында төленбеген еңбекақы көлемі 857 млн теңгеден асып жығылды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети