Ан-124-100 "Руслан" ұшағы KazSat-3 ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізді. Онымен бірге Луч-5В аппараты да келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ан-124-100 "Руслан" ұшағы KazSat-3 ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізді. Онымен бірге Луч-5В аппараты да келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ғарыш апараттары үлкен контейнермен жеткізілді. Оның ұзындығы 14 метр болса, ені 3 метрді құрайды. Биіктігі - 4 метр. Жүктің жалпы салмағы - 21 тонна. Контейнерді арнайы эстакадаға қойып, жүк қоймасына кіргізді. Жер серіктерімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына қосымша қондырғылар жеткізілді.
Айта кетейік, KazSat-3 ғарыш аппараты телекомумникациялық жер серігі болып саналады. Оның арқасында Қазақстан аумағында байланыстың сан алуан түрін ұсынылады. Екі аппаратты сәуірдің 28-і күні Протон-М зымыран тасығышы орбитаға шығармақ.