“Қазселденқорғау“ экс-басшысы Көкірекбаевқа жаңа үкім шығарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қазселденқорғау“ экс-басшысы Көкірекбаевқа жаңа үкім шығарылды Кәрім Көкірекбаев. Фото: president.kg

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, Көкірекбаев пен оның бұрынғы орынбасары аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша айыпталған. Үшінші тұлға – ЖШС директоры – аса ірі көлемде пара беру және жымқыру мақсатынсыз мүліктік залал келтіру бойынша айыпталған.

"Сотпен анықталғаны, К. мен А. лауазымды тұлғалар бола отырып, ТОО директоры П.-мен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған. Сондай-ақ, П. шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған", - делінген сот хабарламасында.

Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген.

Алқабилердің үкімі бойынша, Көкірекбаев пен оның бүрынғы орынбасары кінәлі деп танылды.

"Сот үкімі бойынша, К.-ға 12 жылға, А. мен П.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети